Желіде тараған видеодан әншінің көшеде белгісіз көліктің жанында тұрып, бөгде адаммен сөзге келгенін байқауға болады, деп жазады Aikyn.kz.
"Көлігіңді ал деймін саған. Қазір жоқ қылып жіберемін", – дейді Қайрат Нұртас.
Желіде тараған видео бір күнде 4 миллион қаралым жинаған. Бұл жағдай оның беделіне айтарлықтай әсер етіп, жанкүйерлері мен жұртшылықтың теріс реакциясын тудырды.
Астана қаласының полиция департаменті, аталған жағдайдың Алматы қаласында болғанын хабарлады. Айтуларынша, бұл оқиға бұрын болған және мегажұлдыз жауапкершілікке тартылыпты.