Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді
674
оқылды

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталып отыр: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.

Одан бөлек, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында Қазақстан мұнайын жеткізу де жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.