Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды.
Астанада отшашу болды
Фото: Астана әкімдігі
889
оқылды

Елорда күні мен ШЫҰ саммитінің құрметіне Астанада салтанатты отшашу болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, Ботаникалық бақта мерекелік отшашу іске қосылды. 10 мыңнан астам адам отшашуды көруге келген. 5 минут ішінде аспанға биіктігі 60-тан 250 метрге дейін 10 мың отшашу шығарылды. Ұзындығы 500 метр болды. 

Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр. Шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.