Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан астанасына келді. Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді. Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.