Атырау облысында аттракцион істен шығып, бес бала зардап шеккен.
Кенеттен аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті
550
оқылды

2 шілде күні Атыраудағы “Керемет” саябағында аттракцион кенет істен шығып, оқыс жағдай болды. Бұл туралы Аikyn.kz   сайты “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан саябақтағы аттракционның бірі істемей қалған. Оның кенет істен шығуының салдарынан зардап шеккен бес бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр. 

Аталған дерек бойынша,  Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөліміне ("Кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету") сәйкес қылмыстық іс қозғалды.