Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Мұндай бұйрық жобасы Денсаулық сақтау министрлігінде әзірленді. Бұрын амбулаториялық емделуге жеңілдікпен берілген дәрі-дәрмектерді енді пациенттер тегін ала алмайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылған препараттар тізімінен мыналарды алып тастауды ұсынылды:
«Омепразол»,
«Амоксицилин»,
«Кларитромицин» (және тағы үш позиция).
МӘМС аясында ересектерді емдеуді жоспарламайтын дәрі-дәрмектер тізімінде:
«Азитромицин»,
«Фамотидин»,
«Карбамзепин»;
«Ацикловир» көзге арналған жақпа және басқалар.
МӘМС жүйесі бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға бұдан былай тегін берілмейді:
«Ранитидин»,
«Мультифермен»,
«Ибупрофен»,
«Парацетамол» (және басқа дәрілер).
Барлығы 32 ауруды емдеуге тағайындалған препараттарды тізімнен алып тастау жоспарлануда.
«Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алынып тасталды (өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлғаюымен)», - деп түсіндірді жоба авторлары түсіндірме жазбада.
Препараттардың толық тізімін «Ашық НҚА» порталынан табуға болады. Жобаны көпшілік талқылауы 18 шілдеге дейін жалғасады.