Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Жиында Беларусь Республикасы ұйымның толыққанды мүшесі болды.
Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды
Фото: akorda.kz
678
оқылды

Жиынға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның мемлекет пен үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысып жатыр.  

Саммитке БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылды.

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше меилекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтіп жатыр.