Әлеуметтік желіде даулы видео пайда болды. Онда әйел көшеде жігіттің қызды ұрып жатқанын айтқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл видео әлеуметтік желіде пайда болды. Жігіттің қызды ұрған сәті видеоға түспеген. Видео авторларының айтуынша, жігіт камераны көргенде ұруды тоқтатқан.
– Мен мұны сіздің ұрғаныңызға дәлел болсын деп видеоға түсіріп тұрмын. Міне, қызды ұрғаныңызға мына әйел куә. Қызды жайына қалдырыңыз. Қазір полиция келеді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек, – дейді видео түсіріп тұрған әйел.