Шыңғырлау ауданында әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. Бұл туралы "Мой город" порталы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
16 жастағы бала өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, әйел оқиға орнында көз жұмған. Қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған. Іс тек шілде айында ғана сотқа берілді.
"Оны мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Динара Гильманова қарайтын болады. Сотталушы кәмелетке толмаған болғандықтан, сот отырысы жабық режимде өтеді. Жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылған", – делінген хабарламада.
Басты сот талқысы өтетін күн белгіленбеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.