Әншінің Instagram парақшасындағы жазбасына сүйенсек, жақында ол музыкалық фестивальге қатысу үшін Сербияға барады.
Димаш Құдайберген жақында елден кететінін айтты
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
25,044
оқылды

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жоспары туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әншінің Instagram парақшасындағы жазбасына сүйенсек, жақында ол музыкалық фестивальге қатысу үшін Сербияға барады.

"Алты күннен кейін Сербияда – EXIT Festival-де кездескенше", – деп жазды Димаш Құдайберген.

Тыңдармандар әдеттегідей әншінің бұл жаңалығын да қуана қабылдап, тілегін жазған.

"Сербиялық Dears-тар сізді асыға күтеді", «Қандай кереметсіз! Біз сізді жақсы көреміз!», «Асыға күтетін боламыз!", "Бұл керемет шара болады», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.