Қарағанды ​​облысында жеті жасар бала полицияға көмек сұрап жүгінді.
Қарағандыда 7 жастағы ұл 10 жастағы қыздың үстінен полицияға шағымданды
1,058
оқылды

Бала велосипедін ұрлап кеткенін айтып, көлігін тауып беруін өтінген, – деп хабарлайды Рolisia.kz сайты.

Полицейлер баланың өтінішіне құлақ асып, онымен бірге арнайы көлікпен аулаларды аралап, велосипедті іздеуге шыққан.

Басқа бала жәбірленушіден велосипедін тебуге сұрағаны белгілі болды. Ол өтініштен бас тартпаған және велосипедін берген. Аулада бірнеше айналғаннан кейін, бала белгісіз жаққа кетіп қалған. Бала оның артынан жүгіріп, бірақ қуып жете алмайды. Содан кейін ол полицияға жүгінуді жөн көрген.

"Біраз уақыттан кейін велосипед табылды. Оны 10 жастағы қыз алған болып шықты. Баланың ата-анасы полицияға шақырылып, ұлы да, екі доңғалақты көлігі де ересектерге тапсырылған. Қыздың ата-анасымен әңгіме жүргізілді", – деді полиция өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.