Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.
Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министрін құттықтады
781
оқылды

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.