Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мемлекет басшысы өзгеріс енгізілген Конституциялық заңға қол қойды
555
оқылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

Президенттің 2023 жылғы 29 наурызда Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау үшін арнайы заңды әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын. 

Алғаш рет қабылданып отырған бұл Заң адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жан-жақты айқындайды. Заңда оның мақсаттары мен міндеттері, адам саудасына қарсы іс-қимыл қағидаттары бекітілген, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де субъектілердің құзыреті бекітілген. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.