Бұл туралы шараны ұйымдастырушылар Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
Қайрат Нұртастың Астанада жоспарланған концерті өтпейтін болды
400
оқылды

Танымал әнші Қайрат Нұртастың 7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондай-ақ, концертте Мирас Жүгінісов пен Қазыбек Құрайыш та өнер көрсетуі керек еді. 

"7 шілдеде "Астана" концерт залында жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың қатысуымен өтетін концерт уакытша ауыстырылғанын хабарлаймыз. Сатып алынған билеттерді ticketon.kz сайты арқылы кері қайтаруға болады. Барлық сұрақ бойынша ұйымдастырушыларға көрсетілген 8 701 740 06 08 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз!" - делінген жазбада.