Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға барды
Ақорда
893
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, - деп жазады Aikyn.kz.

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды. 

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.