Жақында bgr.com сайтында сенсациялық материал жарияланды. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасай отырып, ағылшын ғалымының тұжырымдамасының мағынасын түсіндіреді.
Ғалымдардың айтуынша, бізді қоршаған әлем белгісіз бір күштің (Жаратушы!!!) жасаған компьютерлік моделіне ұқсайды. Иллюстрация logosinfo.org сайтынан алынды
Кейбір адамдарға ақылға қонымсыз болып көрінген теорияны ең озық ойшылдар дәлелдей бастады. Олардың айтуынша, бізді қоршаған әлем белгісіз бір күштің (Жаратушы!!!) жасаған компьютерлік моделіне ұқсайды. Адамдар осы әлемде өмір сүруде. Бұл әлемнің басы мен аяқталуын тек оны Жаратқан құдірет қана біледі.
Бұл сізге қасиетті Құранда айтылған құбылыстарды есіңізге салмай ма: «ғаламды да, адамды да жаратқан иесі бар, ол бәрін көріп, біліп тұрады».
Бүкіл ғалам күйреген кезде Жаратушы өзінің бағасын береді, жақсы мен жамандарды бөледі. Бұның бәрі қасиетті кітаптарда жазылған. Енді осының бәрін ғалымдар да түсіне бастағандай. Олардың ойларының логикасын түсіндіріп көрейік.
Жүйенің энтропиясы нөлге тең болса, онда бұл жүйе тамаша тәртіпке бағынған, оны құрайтын бөлшектер тыныштық күйде болады. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Warner Bros
Ғылыми қауымдастық өкілдері біздің айналамыздағы барлық материалдық заттар мен құбылыстар шын мәнінде 1999 жылы шыққан «Матрицаға» ұқсас екенін айтуда. Бұл идея туралы соңғы мәлімдемені ғалым Мелвин Вопсон жасаған. Вопсон бұрын «Инфодинамиканың екінші заңы» деп атаған өзінің тұжырымдасын ұсынған. Бұл «заң» физикадан белгілі термодинамиканың екінші заңы энтропияның қалай өсетінін немесе өзгеріссіз қалатынын, бірақ ешқашан төмендемейтінін анықтайтынына негізделген. Вопсон ақпараттық жүйелердегі энтропия бірдей болуы керек дейді.
Бірақ шын мәнінде, ақпараттық жүйелердегі энтропия әдетте тұрақты болады немесе тіпті ең төменгі мәнге дейін төмендейді. Егер жүйенің энтропиясы нөлге тең болса, онда бұл жүйе тамаша тәртіпке бағынғанын және оны құрайтын бөлшектер тыныштық күйде екенін білдіреді.
Осы теорияны негізге алып Вопсон «Ақпараттың динамикасының екінші заңын» жасап, ол ұсынған «материяның бесінші күйі» жылуды жоғалтпай немесе сырттан алмай Ғаламның кеңеюін теңестіру үшін керек деп мәлімдеді. Вопсонның пікірінше, бұл факт ғаламның жалпы энтропиясының тұрақты болуын қажет етеді және бұл біздің симуляцияда өмір сүріп жатқанымызды дәлелдей алады.
Жүйеде хаос, тәртіпсіздік неғұрлым жоғары болса, энтропия да соғұрлым жоғары болады. Фото kartinki.pics сайтынан алынды. Авторлығы: Warner Bros
Физикада энтропия жүйенің қалыпты күйін сақтау ықтималдығын көрсетеді. «Энтропия» термині грек тілінен аударғанда «айналу», «өзгеру» деген мағына береді.
Жүйеде хаос, тәртіпсіздік неғұрлым жоғары болса, энтропия да соғұрлым жоғары болады. Кез келген жүйе уақыт өте келе өзінің қалыпты күйіне ауысады. Сол кезде хаостық қозғалыстар күшейіп, жүйенің энтропиясы өседі.
Энтропия ғылымдағы ең күрделі ұғымдардың бірі деп саналады. Мысалы, теңіздің жағасында құмнан жасалған сарайды толқын шайып кетеді, қаңырап қалған мекенді, қаланы арамшөп басады, текше (кубик) түріндегі қант шайда бей-берекет күйде ериді. Мемлекеттерде революциялар мен төңкерістер болады, салдарынан халық пен қоғам тағдыры ешбір болжамға бағынбай өзгереді. Тіпті, қазіргі әлемнің өзі жасанды интеллектің дамуымен энтропия мен сингулярлық күйге ауыса бастады.
Сонымен, энтропия – бұл химиядан психологияға дейін әртүрлі ғылымдарда қолданылатын хаос пен белгісіздік өлшемі. Шындығына келгенде, бұл ұғым әлдеқайда күрделі.
Үлкен жарылыс теориясы да Жаратушының бар екенін дәлелдейді. Иллюстрация bigenc.ru сайтынан алынды
Вопсон өзінің тұжырымдаған заңдылығы электрондардың орналасуында, сондай-ақ космология мен биологиялық жүйелерде де рөл атқарады деп сенеді. Ғалым бұл заңдылықты біздің симуляцияда өмір сүріп жатқанымызды дәлелдеу үшін іргетас ретінде пайдаланады. Вопсон өзінің теориясының дұрыстығының дәлелдерін 2020 жылдың басында әлемнің көп бөлігін карантинге жапқан – COVID-19 вирусын зерттеу кезінде тапқанын айтады.
Оның барлық дәлелдері мутацияға байланысты. Эволюцияны насихаттаған жетекші ғалымдардың бірі Чарльз Дарвин мутация кездейсоқ пайда болады деп есептеген.
Дегенмен Вопсон мутациялар ақпараттық энтропияны теңестіруге көмектесетінін айтады. Мұны дәлелдеу үшін ол COVID-19 және оның мутацияларын зерттеп, «ақпарат пен генетикалық мутацияның динамикасы арасындағы бірегей корреляция (арақатынас)» бар екенін тауып, оны дәлел ретінде ұсынады.
Мұның бәрі, Вопсонның пікірінше, ғалымның тұжырымдаған ақпарат динамикасының екінші заңын пайдалана отырып, симуляцияда өмір сүріп жатқанымызды дәлелдеуге қосымша мүмкіндіктер береді. Әрине, бұл тұжырымдарды көпшілік мойындау үшін байыпты, мұқият тексерулер қажет. Сонымен бірге бұл ғылыми тұжырымдар жаңа сұрақтарды да туғызады және Платон бізді қоршаған әлемнің шынайылығына алғаш рет күмән келтірген кезден басталған адамдардың қызығушылығын күшейтеді.
Ғаламның жаратылысын әзілмен көрсеткен видео сенбілік көңіл күйіңізді көтерсін:
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.