Куәгерлердің айтуынша, әнші Әбдіжаппар полицейлерге бағынбай дөрекілік танытқан көрінеді.
Алматы облысында әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды – БАҚ
Әбдіжаппар Әлқожаның желідегі парақшасынан
12,480
оқылды

Полицейлердің Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны ұстап, тұтқындағаны айтылды, деп жазды Aikyn.kz.

Ulysmedia-ның мәліметінше, Қайрат Нұртастың "ізін суытпай" әнші Әбдіжаппар Әлқожа да құрықталды.  

Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз. Әзірге ресми ақпарат хабарланған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, әнші Қайрат Нұртас қоғамдық тәртіп бұзып, қамауға алынды.

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт қойды. "Өзінің орнына Қайрат Нұртастың кеткенін" айтып, басынан өткен оқиғасын әзілмен жеткізді.