7 шілдеде еліміздің екі қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбеде, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластануы мүмкін. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.