Жыл сайын 7 шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Фото: istockphoto.com/ru
761
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, - деп жазады Aikyn.kz.

– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.