Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек.
Димаш Құдайберген Астанада концерт өткізетінін хабарлады
Фото: instagram.com/ kudaibergenov.dimash
2,883
оқылды

Күзде Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды. 

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшы келеді деп жоспарланған. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі», – деді Димаш Құдайберген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.