«Қазгидромет» РМК шілденің 8-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады – Қазгидромет
www.istockphoto.com
3,538
оқылды

Олардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады, Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, орталықта түнде және таңертең тұман басады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ысиды. Соған қарай Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталып тұр.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Ұлытау облысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында күннің ыстығынан өрт шығуы мүмкін, сол себепті сақ болуды ескертеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.