Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Махаббат Бесбаева отбасылық атаулы күнге орай әншіге алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әншінің жұбайы жиырма жылдың ішінде қызығы мен қиындығы қатар жүрген сәттерді бастан өткергенін атап өтті.
"Бүгін бізге 20 жыл. 8.07.2004-8.07.2024. Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы. Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір! Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын. Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін, істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда", - деп жазды Махаббат Бесбаева.
Желі оқырмандары сүйікті әншісінің отбасына бақыт тілеп, пікір жазып жатыр.
«Махаббаттарыңыз мәңгі болсын», «Керемет. Бакытты болыңыздар. Тек жақсылық болсын өмірлеріңізде», «Менің құрбым осы күні қатты жылаған еді», «Қыздар жылаған күн ғой», "Мейрамбек Беспаев үйленді деп, көпшілік қыздардың көңілі түскен күн еді ғой. Құтты болсын! Екі дүниеде бірге, бақытты болыңыздар", деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.