Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогінің финалында тағы бір қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еркін бағдарлама бойынша жекелей сында өнер көрсеткен Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды.
Бұған дейін Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы да күмісті қанағат тұтқан болатын. Сондай-ақ, акробатикалық бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.