Бұт туралы Abainewskz порталы жариялады. Олардың мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан қаланың көптеген көшесінде көлік кептелісі пайда болып, жел кейбір ғимараттардың шатырын жұлып әкеткен. Сонымен қатар бірнеше аудан жарықсыз қалған.
Қалалық әкімдік журналистерге бір күнде қалада бір айлық жауын-шашын түскенін, сол себепті нөсерлі кәріз жүйесіне көп су жиналғанын айтты.
"Қазір Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мердігерлері арнайы техниканың көмегімен бірнеше көшелерде, сондай-ақ "Қарағайлы" ықшамауданы мен Шығыс кентінде суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
Суды соруға 14 вакуумдық ассенизатор, 8 жылжымалы мотопомпа және 8 цистернасы бар автомашина жұмылдырылып, 7 мың текше метрден астам су сорылған.