Турнирдің жалпы жүлде қоры – 50 мың доллар, шамамен 24 миллион теңге.
Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде топ жарды
483
оқылды

Шахматшы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Әзербайжанда өткен Baku Open 2024 турнирінде жеңіске жеткені туралы жазды.

Әзербайжан астанасында өткен шахматтан халықаралық турнирі 28 маусымда шымылдығын ашып, 7 шілдеге дейін жалғасты. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева турнирдің жалпы есебінде 19-орын иеленді, бірақ өз санатында топ жарды.

"Шахматтан Baku Open 2024  турнирінде әйелдер арасында 1-орынға ие болдым!", – деп жазды Бибісара Асаубаева.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 50 мың доллар. Әйелдер арасында 1-орын алған Бибісара Асаубаева 1 500 доллар (720 мың теңге) ұтып алды.

Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық шахматшы 2020 жылдан бастап халықаралық шебер атағын алды, ал 2017 жылдан бастап ФИДЕ шебері саналады. 2019 жылы Бибісара әйелдер арасында гроссмейстер, ал 2021 жылы ол Азияның үздік шахматшысы атанған болатын.