Жасөспірім оқға орнында қаза тапты
Оралда 12 жастағы баланы су тартуға арналған сорғы тартып әкеткен
912
оқылды

Өзенде шомылып жүрген баланы су тартуға арналған сорғы тартып әкеткен. Жасөспірім оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Мой Город басылымы.

Қайғылы оқиға 4 шілде күні Дерқұл ауылында болды. 12 жастағы Аман Сейфолла нағашы ағасымен Дерқұл өзеніне шомылуға барған. Өзенде шомылып жүрген баланы өзен жағасында тұрған суаруға арналған сорғы тартып кеткен. 

Анасы болған жағдай туралы жиенінен естіген. Әйел сол жерге жүгіріп барғанымен, адамдар оны суға жақындатпаған. Осылайша, әйел жағада бір сағатқа жуық тұрыпты. Содан кейін ғана адамдар баланың денесін судан алып шыққан. 

"Бұл сорғы ештеңемен қоршалмаған және жағаға жақын орнатылған. Менің баламның орнында шомылып жүрген кез келген адам болуы мүмкін еді. Қазір бәрі менің балам кінәлі деп шығарғысы келеді. Мұндай қайғы ешкімнің басына түскенін қаламаймын. Кінәлілердің табылып, жазалануын, мұндай қайғылы оқиғалар қайталанбауын талап етемін", – дейді Мирамгүл Есетова.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті баланың суға түсуге тыйым салынған жерде шомылғанын хабарлады. Баланың саяжайларға су тартатын сорғы орнатылған пантонның үстінен секіргені анықталды.

"Оқиға бойынша полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр", – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.