Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алғаны үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов әзілімен жұртты күлдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол темір тордан шыға сала концерт берген болатын.
“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – дейді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.