№10, 37, 49, 51, 53, 60, 201, 302, 303, 308, 309 маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Астанадағы жол жөндеу жұмысы: 10-нан астам автобус бағытын өзгертті
750
оқылды

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 10-нан астам автобус бағытын өзгертті. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Көлік компаниясының Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №10, 37, 49, 51, 53, 60, 201, 302, 303, 308, 309 маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Кейінірек, компания №32, 37, 45, 52 маршруттары да қозғалыс тәртібін өзгерткенін хабарлады. Астаналықтарға өз бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.