Әнші Роза Рымбаева Беларусь елінде өтіп жатқан «Славян базары» фестивалінде қазылар алқасының төрағасы болғанын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қадірлі жерлестер, біз Беларусь еліндеміз. Витебск қаласында өткелі отырған «Славян базары» атты ауқымды фестивальге келіп қалдық. Биыл мен қазылар алқасының төрағасы қызметіндемін. Бұл – өте маңызды әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс», - деді Роза Рымбаева.
Айта кетейік, Роза Рымбаева – қазылар алқасының тұрақты мүшелерінің бірі.
«Славян базары» фестивліне бірқатар қазақстандық өнерпаз қатысқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.