2020 жылы Димаш "Авангард" фильміне Happy саундтрегін орындады.
Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады
Фото: dimashnews.com
6,539
оқылды

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа "Аңыз" атты фильмі прокатқа шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы This Love ("Бұл махаббат") саундтрегі шырқалады, – деп жазды dimashnews.com сайты. Трек 5 шілдеде музыкалық платформаларға шықты. 

Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін айтады.

"This Love" әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы. 

2020 жылы Димаш "Авангард" фильміне Happy саундтрегін орындады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.