Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлы қамауға алынған күннен бастап әншінің бұрынғы видеоларын жариялап, естеліктерін бөлісіп жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Гүлзира Айдарбекова әншінің күніне 3-5 концерт өткізген кезін еске алып, "Көз жасың көмектеспейді" әнін орындаған архивтегі видеосын жариялады.
"Күніне 3 концерттен 5 концертке дейін қойып жүрген кездер-ай. 3 концерт беріп қара тер болмасын деп, алғаш болып Аренаны жеке концертімен Алматыда 12 мың, Астанада 32 мың адам лық толы концертін өткізген KN болды. Бұл деген халықтың үлкен махаббаты. Аллаға сансыз шүкірлер!", – деді Гүлзира Айдарбекова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.