Көптеген саяси және экономикалық белгісіздік туғызған Трампқа жасалған қастандықтан кейін трейдерлер алтын және Bitcoin-ге назар аудара бастағанын Quartz сайты жазды. Осы материалдағы деректерге сүйенген Aikyn.kz бұндай өзгерістердің себебін түсіндіреді.
Bitcoin құны жексенбіде (14 шілде) 60 000 доллардан асты. Бүгін криптовалюта құны 63 000 долларға жақындады. Фото psm7.com сайтынан алынды. Авторлығы: freepik.com
Bitcoin құны жексенбіде (14 шілде) 60 000 доллардан асты. Бүгін криптовалюта құны 63 000 долларға жақындады.
Пенсильвания штатында болған экс-президент Дональд Трампқа жасалған қастандық кезінде бір көрермен қаза тауып, митингке қатысқан тағы екі адам жарақат алғанын кеше Aikyn.kz «Экс-президентке оқ атқан адамның есімі белгілі болды» атты мақалада жазды.
Трейдерлер әртүрлі себептермен Bitcoin-ге ауыса бастады. Оның дәлелін қайғылы оқиғадан кейін оның құны ұдайы өсумен келеді. Көптеген саяси және қаржылық сарапшылар бұл қастандық Трамптың қараша айында өтетін АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жету мүмкіндігін арттырады деп күтуде. Кейбір трейдерлер осындай саяси тұрақсыздық жағдайында импульсивті түрде Bitcoin-ді таңдауы мүмкін.
Биылғы сайлау науқанында Трамп өзін «криптовалюталық үміткер» деп жариялады және Bitcoin, Ether, Dogecoin, Solana криптовалюталармен берілген қайырымдылықты қабылдайтынын мәлімдеген. Фото iStock сайтынан алынды
Биылғы сайлау жылы Трамп өзін «криптовалюталық үміткер» деп жариялады және Bitcoin, Ether, Dogecoin, Solana және басқа криптовалюталармен берілген қайырымдылықты қабылдайтынын мәлімдеген. Президент Джо Байден де криптовалюталық қайырымдылықты қабылдау мүмкіндігін қарастыратынын жариялады.
Трамп криптовалюталарға қатысты позициясын бірнеше жыл бұрынғы Bitcoin-ді «АҚШ долларына қарсы алаяқтық» деген айыптаумен білдірген еді.
Қазір оның көзқарасы айтарлықтай өзгерген. Сондықтан ол қарашадағы сайлау қарсаңында криптовалюта жетекшілері мен қауымдастық мүшелерінен көбірек қолдау таба бастады.
Трейдерлер саяси және экономикалық тұрақсыздыққа сезімталдығы төмен алтын және швейцариялық франк сияқты қауіпсіз активтерге жүгінуде. Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Michael M. Santiago
Трейдерлер криптовалютадан басқа саяси және экономикалық тұрақсыздыққа сезімталдығы төмен алтын және швейцариялық франк сияқты қауіпсіз активтерге жүгінеді деп күтілуде.
Swissquote банкінің аға сарапшысы Ипек Озкардескайя «осы демалыс күндеріндегі оқиғалар дүйсенбі күнгі (15 шілде) акциялар мен облигациялар нарығында құбылмалылықты өсіреді. Біз инвестициялардың швейцариялық франк пен алтын сияқты қауіпсіз жерлерге «қашуын» күтеміз. Bitcoin де қауіпсіз аумақ ретінде қарастырылып жатыр» деген пікір айтқан.
Қаржыгерлер қадағалайтын тағы бір қор – бұл Trump Media акциялары. Наурыз айының аяғындағы дебюттен бері акция өте құбылмалы болды және жексенбі күнгі сауда-саттықта оның құны 1%-ға өскен.
АҚШ-тағы саяси шиеленістер әлемдік қаржы нарығына тікелей әсер етеді. Бұрынғы Президент Дональд Трампқа жасалған қастандықтың салдары да жақын апталарда білінетін болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.