Бұл туралы Белта агенттігі хабарлады.
Қазақ әншісі «Славян базары» байқауында бірінші орын алды
3,337
оқылды

Қазақ әншісі Ерназар Жұбан "Славян базары" жас эстрада әншілерінің байқауында бірінші орынды жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім. Еңбек ақталды деп ойлаймын. Осы 1-орнымды еліме арнағым келеді. Әке-шешем, бауырларыма алғыс айтамын. Барлық жанкүйерге рақметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдар да қолдауларыңды сездім", – деп жазды Ерназар Жұбан Instagram-парақшасында.

Жарыстың гран-при жүлдесін молдовалық Кэролайн Балан жеңіп алды. Ол 20 мың доллар ақшалай сыйлыққа ие болады. 

Екінші орынды италиялық Марьям Танкреди мен ресейлік Екатерина Кузина бөлісті. Қазылар алқасының үшінші орынға қатысты шешімі ұқсас болды, бұл жүлде болгариялық Валерия Чучман мен беларусь Невена Пейковаға берілді.

Сонымен қатар Венесуэла, Испания, Латвия, Словения, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Чехия және Оңтүстік Африка елдерінің өкілдері байқаудың дипломанттары атанды. Ал Оңтүстік Африкадан келген Thami Mbatha ұлттық тақырыпты үздік орындағаны және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Владимир Мулявин атындағы арнайы сыйлықты алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.