Тізім төменде жарияланған.
«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына кімдер өтті?
3,621
оқылды

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

25 сәуірде Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған еді.

«Наурыз» бағдарламасының рейтингтік кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз. Өтініштердің жалпы саны 38 000-нан астам болып, олардың 12 500-і қабылданды, - делінген Отбасы Банктің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Тізімді осы сілтеме арқылы жүктеп, таныса аласыз. 

Айта кетейік, қатысушылардың несиелік өтінім беруге тағы 1,5 ай уақыты бар. Келесі кезең – несие өтінімдерін беру.

Оны үш ыңғайлы тәсілмен беруге болады:

  • Отбасы Банк филиалдарына келіп өтінім беру;
  • Отбасы Банкінің кеңесшілері арқылы;
  • Видеобанкинг арқылы онлайн.