Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады.
«Жиған ақшасын алаяққа беріп, пәтер жалдап жүр»: әнші Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайы туралы айтты
30,501
оқылды

Әнші Роза Әлқожа Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Нұрғали Нүсіпжановтың биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады. Осыған орай әнші әріптестерімен бірге  Халық әртісінің жағдайын білуге барған. Оның айтуынша, Халық әртісі алаяққа алданып, қазір пәтер жалдап жүр. 

"Қайырлы күн! Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері "Ағаға барып қайтайық" деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87-ге келіпті. Талғардың "Ақ ниет" деген саумал орталығында жиылғандар ән сұраған соң шама келгенше бірнеше ән орындадық. Бақыт аға мен Айзада әпке немересін де ала келіпті. Ағадан бата алып, ырымдап жатыр. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?!. Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен… Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой…", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.