Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісін тағайындады
Абзал Сапарбекұлы Мажарстанға елші болып тағайындалды
708
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Президенттің Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті  елшісі лауазымына тағайындалды. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылса, Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті  елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.