Видеода Татарстанның имамы Тимур Камаев әйелді қалай жазалау керегін айтқан.
«Әйел күйеуіне көңілі толмаса немен ұру керек?»: Баян Алагөзова күтпеген пікір айтты
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
2,104
оқылды

Продюсер Баян Алагөзова Татарстанның имамы Тимур Камаевтің әйелдерді ұру туралы пікіріне ойын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында желіде "Татар-информ" мемлекеттік агенттігінде жарияланған видео таралып кетті. Кейін видеоға шектеу қойылған. Онда Татарстанның имамы Тимур Камаев әйелді қалай жазалау керегін айтқан. Танымал продюсер Баян Алагөзова имамның пікіріне қатысты ойын айтты. 

"Ұру мен соғу әртүрлі нәрсе екен ғой сонда. Менің сұрағым бар: әйел күйеуіне көңілі толмаса оны немен ұру керек екен?", – деп жазды Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Имам видеода әуелі әйелге оның істегені дұрыс емес екенін сөзбен айтып түсіндіру керегі, ал егер әйел сөз түсінбесе келесі кезеңде төсекті бөліп қою керегін айтқан. Осылайша еркек әйеліне өзінің қатесін түсінуге мүмкіндік беруі керек екен. Егер бұл да іске жарамаса аятта айтылғандай әйелді ұруға рұқсат етілгенін айтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.