Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады.
Жаңа оқу жылы: оқушылардың оқитын және демалыс уақыты белгіленді
Фото: istockphoto.com
17,644
оқылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Орта білім беру ұйымдарында 2024 --2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады. 

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. 

Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. 

Екінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. 

Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. 

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күн қосымша демалыстар беріледі. 

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал 11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасы. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.