Оны Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстады.
Садыр Жапаровтың інісі ұсталды
Фото: istockphoto.com
1,808
оқылды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаров қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Kаktus.mediа басылымынң жазуынша, ол ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Жапаровтың інісі облыстардың бірінде Қырғызстан президентінің өкілетті уәкілі лауазымына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген және ол үшін 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Бірақ уәдесін сол күйі орындамаған.

Оны Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстады.

Ұлан Жапаровқа қатысты 2024 жылғы 19 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол «Аса ірі көлемде алаяқтық» бабы бойынша айыпталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram арнасынан таба аласыз.