Желі қолданушыларының айтуынша, көліктің бағасы – 65 миллион теңге.
Тұрсын Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевқа Cadillac Escalade көлігін сыйлады
5,707
оқылды

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевке қымбат көлік сыйлады. Бұл туралы өзбек әншісі өзінің Instagram парақшасына салған.  

"Cadillac Escalade" маркалы көліктің кілтін оған Шымкент сыра зауытының иесі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері табыстаған.

“Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін”, – деді кәсіпкер Тұрсын Алагөзов. 

Желі қолданушылары Атхамбектің өнерін жоғары бағалап, құттықтауды жаудырып жатыр. Соның арасында бір оқырман "65 миллион теңге емес пе еді бағасы, өте қымбат екен" деп бұл көліктің бағасын айта түсті.

Интернеттен көліктің бағасын анықтағанда, "Cadillac Escalade" маркалы көліктің ең төменгі бағасы 67 500 000 теңгеден басталатыны көрсетілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атхамбек Юлдашев (@athambek_yuldashev_official)

Еске салайық, Мақпал Жүнісоваға өзбек әншісі алтын білезік таққан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.