Әнші Әйгерім Қалаубаева әріптесі Нұрлан Әлімжан екеуіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі Нұрлан Әлімжанмен тек достық қарым-қатынаста екенін айтты.
«Қымбатты менің парақшамдағы асыл жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстырған нәрсе – өнер. Бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты. О, Жаратқан Ием! Елім, ата-анам, ер-азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын, әмин», – деп жазды Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.