Әншіні ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алған.
Қайрат Нұртас бостандыққа шықты
Фото: видеодан кадр
13,446
оқылды

Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Әншіні ата-анасы, достары, тіпті тыңдармандары қарсы алған.

«Менде бәрі жақсы. Бәріне рақмет», - деді Қайрат Нұртас.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова барлығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Ешқандай ананы баламен сынамасын. Бәрі жақсы болсын», - деді продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарған. Әнші өзін жәбірленушімін деп  атады. Кейін Қайрат Нұртастың бұрынғы досы да қамауға алынды.

Қайрат Нұртасқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73-баптың 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.