Сенат депутаттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен реформаларын халық арасында түсіндіру мақсатында еліміздің елді мекендеріне аттанған болатын.
Сенаторлар ел ішінде
571
оқылды

Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, сенаторлар Әсем Рах­метова және Ләззат Қалтаевамен бірге Солтүстік Қазақстан облысына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Үкі­меттік емес ұйымдардың өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесуде көктемгі су тасқынының салдарын жою, зардап шек­кендерге әлеуметтік көмек көрсету, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау және тағы басқа мәселелер тал­қы­ланды. Депутаттар Петропавлдағы об­­лыстық пери­наталдық орталық база­сында ашылған «Қамқорлық» орталы­ғында болды. 

Сенат депутаты Андрей Лукин Астана қаласындағы «Сарыарқа» ауданы әкім­дігінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында аудан халқының тұрмыс жағ­дайын жақсарту және мемлекеттік бағдар­ламаларды іске асыру туралы маңызды әлеуметтік мәселелер талқыланды. Сена­тор халықтың осал топ­тарына әлеуметтік қолдауды күшейту, ден­саулық сақтау мен білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ауданның инфра­құрылымын дамыту қажеттігіне назар аударды.

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәке­жанов пен Нурия Ниязова Алматы қала­сының тұрғындарымен кездесті. Сена­торлар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында Парламент қабылдаған заңдар мен атқарылған жұмыс туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесуде әлеуметтік қолдауды жақсарту, экономи­калық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бастамалар да талқыланды.

Сенат депутаты Амангелді Толамисов Абай облысының Жарма ауданында болып, Боранбай би кесенесінің жа­нын­дағы «Ба­тыр бабалар шайқастары жолымен» экспе­дициясының ашылуына қатысты. Шара барысында депутат аудан тұрғын­дарымен кездесу өткізіп, оларға биыл Сенат мақұл­даған заңдар туралы айтып берді.

Сенат депутаты Жанна Асанова Алма­ты қаласында Almaty Creative креативті ин­дустрияны дамыту орталығында сала ма­ман­дарымен және Алматы қалалық мәсли­хатының депутаттарымен кездесті. Онда аталған саладағы жеңілдіктер, грант­тар және қаржыландырудың басқа да нысан­дары сөз болып, осы бағытты дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың маңызды екені айтылды. 

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Ақ­мола облысындағы аудандардың тұрғын­дарымен кездесті. Депутат Бұланды ауда­нындағы Қараөзек ауылының тұр­ғ­ын­­дары­­мен кездесу кезінде Аққайыңдағы су құбырын күрделі жөндеу және жаңғыртуға қажетті қаржы бө­лудің ықтимал тетіктерін талқылады. Кез­десулерде халықтың тұрмыс жағдайын жақ­сарту үшін осы мәселелерді жедел шешу қа­жеттігі атап өтілді. Сенатор Бура­бай ауда­нында бірқатар маңызды жобаны іске асыру барысымен де танысты. 

Сенат депутаты Сергей Ершов Қара­ғандыда қалалық мәслихат депутат­тары­мен кездесті. Жүздесу қаланы дамыту, жол­дар және әуе қатынасы мәселелеріне арналды. Онда қала тұрғындарының өмір сүру са­пасын жақсарту мақсатында көлік және инфрақұрылым саласындағы қала­ны да­мыту проблемаларын шешудің маңыз­ды­лығы айтылды. Депутат При­озерск қала­­­­сындағы әскери бөлімде бо­­­лып, әс­кери дайындық барысымен та­нысты және бө­лімнің әскери қыз­­мет­шілері­мен кездесті. 

Сенаторлар Советбек Медебаев пен Серік Шайдаров Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады. Олар кездесу ба­рысында қоғам қайраткерлерімен және мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәсе­лелерді шешу жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Сенаторлар Жезқазған қала­сын­дағы ауызсу тазарту-шаруашылық құры­лысын жаңғырту жобасымен де танысты 

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысында болған кезде ұзын­дығы 6,138 шақырым болатын М-1 жылу жүйесін жаңғырту жұмысымен, Төле би даңғылындағы 11 үйдің қасбеттері мен шатырларын жөндеу және 24 көп­қабатты үйдің кескін-келбетін жаңарту барысымен де танысты. Сенатор Тараз қаласындағы 2023 жылы 7 256 үй сумен қамтамасыз етілген «Құмшағыл», «Шөл­дала» және «Казарма» саяжай­ларындағы магистралдық су құбырының құрылы­сында болды. Байзақ ауданындағы 45 орын­дық емдеу мекемесін, Сарыкемер ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені мен Көптерек ауылдық округіндегі 90 орындық мәдениет үйінің құрылысын аралады. 

Сенатор Жанна Асанова Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қа­ласы бойынша департаментінің қызмет­керлерімен кездесті. Қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі әңгіме барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетік­терін іздеу мәселесі басты тақырып болды. Кездесуге департамент басшы­лығы, сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекші мамандары, үкіметтік емес ұйым­дардың, сараптамалық қоғам­дастықтың өкілдері және Алматы қалалық мәсли­ха­тының депутаттары қатысты.

Сенат депутаты Евгений Больгерт Сол­түстік Қазақстан облысындағы бір­қатар әлеуметтік маңызды нысандарында болды және өңірдегі кәсіпорындар мен қауым­дастықтардың өкілдерімен кездесті. Пет­ропавлдағы Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінде, Достық үйінде болып, «Жомарт жан» өңірлік орталығының өкілдерімен, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің мү­шелерімен кездесті. 

Сенат депутаттары Геннадий Ши­пов­ских пен Алишер Сатвалдиев Қы­зыл­орда облысындағы Қазалы ауданында болды және құрылыс жұмысымен, кейбір әлеу­меттік нысандардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ сапар барысында аудан тұр­ғындарымен кездесіп, олардың ұсы­ныс­тарын тыңдады және ағымдағы мәселелерді талқылады. Әйтеке би ауы­лындағы ха­лық­тың әлеуметтік осал топ­тарына арнап салы­нып жатқан үйдің құрылысымен танысты. 

Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқ­тұғұтов Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғындармен, мәслихат де­путаттарымен және аймақ басшы­лығымен кездесті. Жүздесуде өңірдегі медицинаны, білім беру мен өнеркәсіпті дамыту мәсе­лелері және жолдардың жай-күйі талқы­ланды. Риддерде көпсалалы ауру­хана салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Се­натор Булавкина республикалық бюд­жеттен қаржыландырылатын бұл жоба­ның сақалды құрылысқа айналмауы маңызды екенін атап өтті. Депутаттар сондай-ақ өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен де кездесті. 

Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы Баянауыл ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының бары­сымен танысты. Депутат құрылыс алаңы­н­дағы кездесуден кейін Баянауыл ау­­да­-

­нының ақ­­са­­­­қалдары және ак­тивімен жүздесіп, өңірдің әлеу­меттік-эко­номи­калық даму жоспарын талқылады. Ол Мұса Шорман ауылының тұрғындарымен де кездесті. Жүз­десу ке­зінде Сенат қыз­меті­нің қоры­тындылары, сондай-ақ ака­демик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнал­ған шараларды іске асыру барысы туралы айтып берді.

Сенат депутаты Талғат Жүнісов Ақ­мола облысындағы Астрахан және Бұ­ланды аудандарының тұрғындарымен кездесті, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеу­меттік нысандарды аралады. Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылында ауыл тұрғындарымен кездесіп, суға шайы­лып кеткен кіреберіс жолды жөндеу және дәрігерлік-амбулаториялық пункт салу мәселелерін талқылады. Бұ­ланды ауда­нындағы Капитоновка және Иванковка ауыл­дарында тасқыннан зар­дап шеккен азаматтарға арнап салы­нып жатқан үйлер құрылысымен танысты. 

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорған қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бір­лестігінің, Қоғамдық кеңестің өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесті, жаңадан салынған «Жетісу Арена» спорт кешенінде болды және волейбол мен үстел теннисіне арналған оқу-жаттығу кешен­дерінің құрылысымен танысты. 

Ғалиасқар Сарыбаев осы өңірде орна­ласқан 5 514 әскери бөлімде де болды. Кез­десу барысында жауынгерлік дайын­дықты арттыру, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және әскери қызметшілер мен олардың от­басыларын әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. Әскери қызмет жағдайын жақ­­­сарту, оқыту, кәсіби даму және білім беру гранттарын беру тақырыптары да қоз­ғалды. 

Сенат депутаттары Айгүл Қапбарова мен Алишер Сатвалдиев Шымкенттегі №1 және №2 қалалық ауруханалардың жұ­мысымен танысты. Дәрігерлер ор­гандар донорлығына қоғамда оң көз­қарас қа­лып­тастыру, донорлар тапшылығының ал­­дын алудың заңнамалық тетіктерін жетілдіру жөнінде пікір алмасты. №2 қа­лалық көп­салалы ауруханада сенаторларға нейрохи­рургия орталығының жұмысы тура­лы айтылды. Ұлттық нейрохи­рур­гия­лық орта­лықта инсульт алған пациент­тердің жан-жақты қалпына келуіне мүм­кіндік беретін ангиографиялық құрылғы орна­тылған, онда білікті дәрігерлер жұмыс істейді. 

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласының сот және полиция өкілдерімен кездесу өткізіп, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Соттағы кездесуде заңнамадағы сот жүйесін реформалау және құқық қолдану жөніндегі өзгерістерді тал­қылады. Кеңес барысында Полиция де­партаментінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері сөз болды. Полиция департаментінің бастығы сенаторға қала­дағы қылмыстың 24,8%-ға төмендегені туралы баяндады. 

Сенат депутаты Серік Өтешов Қа­рағанды облысының тұрғындарымен кез­десті. Сенатор қаладағы кейбір әлеу­меттік маңызды нысандарда да болды. Кездесу барысында өңірдің 2023-2027 жыл­дарға арналған әлеуметтік-эко­но­микалық да­муы­ның кешенді жоспарын іске асыру, Балқашта туристік кластер құру және При­озерск қаласында туристік инфрақұ­ры­лымды дамыту мәселелері талқыланды. Депутат сондай-ақ При­озерск қаласын са­палы жылумен жабдықтаудың маңызды­лығына назар аударды. 

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақ­тө­бе облысының тұрғындарымен, об­лыс­тық және қалалық әкімдіктердің бас­шы­лығымен, сондай-ақ мәслихат депутат­тарымен бірқатар кездесу өткізді. Өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы, жақында бол­ған су тасқынының салдарын жою және алдағы жылыту маусымына дайындық мә­се­лелері – кез­десулердің негізгі тақыры­бы бол­ды. Онда облыстың тұрақты дамуын қам­та­масыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда биліктің барлық деңгей­лері арасындағы үйлестірілген іс-қимылдың маңыздылығы айтылды. Сена­тор кездесулер барысында инфра­құрылым мен тұрғын үй-коммунал­дық шаруа­­шы­лықты жақсарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қол­даудың мем­лекеттік бағдар­ламаларын іске асыру мәсе­лелеріне баса назар аударды.

Сенатор Сәкен Арубаев Жамбыл об­лысындағы Жуалы ауданында болды және өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға ар­налып салынып жатқан бірқатар ны­санды аралады. Ол аудан тұрғындарымен кездесу барысында ауылдарға сапалы ауыз­су жет­кізуге баса назар аударды. Тұрғындар ауыз­суы жоқ Түктібай және Ақтөбе ауыл­да­рына таза су құбырын жеткізу мақсатында был­тыр жобалық-сметалық құжаттар әзір­лен­гені туралы депутатқа айтып берді.

Н.Қосай