18 шілдеде Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Huawei компаниясы ұйымдастырған журналистикадағы цифрлық дағдыларды дамытуға арналған алғашқы медиа-тренинг өтті.
Маңызды медиа-тренинг
487
оқылды

Бұл тренинг – қазақстандық БАҚ өкіл­дері үшін маңызды кездесудің бірі. Жиында журналистика саласындағы цифрлық құралдарды қолданудың соңғы тенденциялары заманауи медиа ортада табысты жұмыс істеу үшін қажетті дағды­ларды игеруге мүмкіндік беретіні туралы айтылды. 

Тренингте Huawei компаниясы жасаған жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және журналистикадағы тың деректер сияқты озық цифрлық технология құрал­дары ұсынылды. Ұсынылған инновациялар журналистерге ақпаратты тезірек және дәл жинауға, күнделікті процестерді жеңіл­детуге және аудиторияға ең өзекті, қызықты материалдарды дайындауға мүмкіндік береді.

«Цифрландырудың арқасында біз­дің әлем қазір тез өзгеруде. Осыған байла­нысты біз уақытпен бірге жүруіміз керек. Журналистер – қоғамға жаңа технологиялар туралы оңай және қолжетімді тәсілдермен түсіндіруге көмектесетін байланыстырушы көпір. Бүгінгі кездесу журналистердің цифрландыру саласында озық болуына бағытталған. Huawei әрқашан цифрлық технологияларды дамытуға және оларды түрлі салаға енгізуге ұмтылады. Біз өз тәжірибеміз бен білімімізді Қазақстан журналистерімен бөлісе алатынымызбен мақтанамыз және бұл іс-шара елдегі медиа-индустрияның дамуына маңызды үлес болатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan Бас директорының орынбасары Сью Хай.

Ал  Мәдениет және ақпарат министрі­нің орынбасары Евгений Кочетов Huawei-дің осы тренингті өткізу жөніндегі баста­масын құптайтынын және бұл іс-шара жур­налистердің цифрлық дағдыларын арт­тыруына ықпал ететінін айтты. Сонымен қатар белгілі документалист-блогер Әлия Әшім ақпаратты жасау және тарату үшін заманауи цифрлық шешімдердің мүмкіндіктеріне тоқталып, сторителлинг жайында мағлұмат берді. 

Тренинг интерактивті дәріс пен прак­тикалық сабақ форматында өтті. Бұл қатысушыларға цифрлық техно­логиялардың теориялық аспектілерімен танысып қана қоймай, оларды практикада қолдануға да мүмкіндік берді. Іс-шараға қатысушылар Huawei-дің ең жаңа құралдары мен технологияларын іс жүзінде сынап көруге, кәсіби салада жаңа перспективалар мен жаңашылдықтар ашуға бірегей мүмкіндік алды.

Huawei компаниясы ұйымдастырған медиа-тренинг журналистік қоғамдастық­тың үлкен қызығушылығын тудырып, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды. Компания журналистерге сапалы және сұранысқа ие контент құруға ықпал ететін озық технологиялар мен құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, цифрлық журналистиканың дамуын белсенді қолдауды жалғастырады.

С.Бегімбай