Актриса Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдер қандай жағдайды бастан өткеретінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актриса әлеуметтік желіде ажырасқан әйелдер, олардың жан жарасы жайлы сөз қозғады. Оның айтуынша, жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, ешкімге керексіз сезініп жатады.
«Кейде маған қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты көрініп тұрады. Себебі жылғызбасты әйел өз орнын, еншісін қолымен жұлып алғандай алмаса, орнын таппауы да мүмкін. Байқайсыздар ма, біздің қоғамда қазір «Мен жалғызбасты анамын, әкесіз бала өсіріп отырмын. Менің жағдайым жоқ» деген сұрақтар көп. Жалғызбасты әйелдер өзін жаралы, керексіз сезініп жатады. Әрине, ол қатарда мен де бармын. Себебі жалғызбасты болғаннан кейін, ажырасқаннан кейін өз басымнан өткен оқиғаны айтайын. Ажырасқаннан кейін әйел ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетеді. Автоматты түрде сені солай жатқызады. Той-томалаққа жалғыз барсаң, күйеуін тартып алып қоятындай, әйелдер күйеуін қызғанады. «Мына байғұс әлі күйеусіз жүр ма?..» деген көздерді көресің. Осындай қызық дүниелер бар. Көп әйел комплекске кіріп кетеді. Жараланған, жалғызбастымын деген қалыпқа кіре бастайды. ...Жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей-күш, еркектің энергиясындай энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине еркек бола алмайсың бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орнынды алу үшін, қажымайтын қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болады. Былай айтқанда, әйелдік нәзік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді. Сіздер осыған келісесіздер ме?», - дейді өнер иесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.