Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын А. есімді азаматқа Қылмыстық кодекстің 139-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
05.07.2024 жылғы соттың үкімімен А. есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.