Кодекске сәйкес өзге ақпаратты жария етуге болмайды.
Қуандық Бишімбаев колонияға жеткізілді
2,242
оқылды

Қуандық Бишімбаев колонияға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Сотталушы сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Кодекске сәйкес өзге ақпаратты жария етуге болмайды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев колонияда қандай жұмыс істей алатынын айтқан еді. 

"Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорында, мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.  

Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтер басқа тұтқындармен жұмыс істейтін болады",– дейді Жәнібеков. 

Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған еді. Ал қылмысты жасырып қалған туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.