Әлеуметтік желілерде Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда ведомство бұл мәліметті растамады. Қаланың бас ұстазы еңбек демалысында екен.
«Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының қызметінен кеткені туралы ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдейміз. Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева осы жылдың 15 шілдесінен бастап еңбек демалысында. Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», – деді басқарманың баспасөз хатшысы Ұлжан Төлен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.