Желіде оқырман "Раймды қалай өзіңізге қаратып алдыңыз?" деп сұраған.
«Миларыңды болмайтын нәрсемен толтырмай, бақытты өмір сүріңдер»: Ерке Есмахан қыздарға кеңес айтты
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
11,490
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Желіде оқырман "Раймды қалай өзіңізге қаратып алдыңыз?" деп сұраған.

"Қыздар, неге самооценкаларыңыз өте төмен? Неге жігітті қыз қарату керек? Мейлі ол жас немесе үлкен, бай, красавчик, атақты, лауазымды адам, тағы басқасы болсын. Неге өз құндарыңды өздерің түсіресіңдер? Осындай сұрақ қоятын қыздарды аяймын ше", - деп жазды әнші.

Өнер иесі Райммен қалай танысып, отбасы болғанын айтты.

"Біз 2018 жылы таныстық, сөйлестік, арамызда сезім пайда болды. Уақыт өте келе бір-бірімізден алшақтағымыз келгенімен, бәрібір Алла қалап, екеумізді қосып, жанұя болдық. Шүкір! Бұл өмірде Алланың қалауынсыз бір жапырақ та жерге үзіліп түспейді. Сондықтан, қыздар! Миларыңды болмайтын нәрсемен толтырмай, жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді деп бақытты өмір сүріңдер", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.