Ол қызметкерлеріне тосынсый жасаған.
Айнұр Тұрсынбаева 6 адамға Балиге жолдама сыйлады
Фото: instagram.com/ aidyn_nury
3,207
оқылды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева 6 қызметкеріне Балиге жолдама сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұл туралы Іnstagram желісіндегі Stories бөлімінде айтты. 

"Қазір мен офиске бара жатырмын. Командамның қыздарына, бәріне айттым "Қатал жиналыс болады. Бәріңе ескерту айтамын деп. Бәрі жиналып қазір мені күтіп отыр", – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Ал жиналыста қызметкерлеріне тосынсый жасаған.

"Өзімше есеп алып отырмын. Миллионер курсын жасадық. Әсел, сен де жасап жатырсың ба сатылым? Арука, сенікі қалай боп жатыр, маска сату. Сен WhatsApp-тан жазатындар үшін маскада отырсың ба? Бриллианттарға қалай, сатылым басталды ма? Жалпы осы жердегі бес қыз бар, команданың бастығы Бота бар, 6 қызға ескерту емес, тосынсыйым бар. Балиге жолдама!", – дейді. 

Бұған риза болған қыздар Айнұр Тұрсынбаеваға алғыс айтқанын көруге болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.